Құқық қорғау органдары

Жамбыл және Интерноционал көшелірінің қиылысындағы бағдаршам жұмысы өзгертілді

Сауда орталықтары, мектептер жақын орналасқандықтан аталған көше қиылысын қиып өтетін адамдарда да есеп жоқ. Сондықтан бұл жерде жол-көлік оқиғалары да жиі орын алады екен. Апаттардың санын азайту үшін, тәртіп сақшылары мұндағы бағдаршам жұмысының режимін өзгертуде.

Әбілсейіт Жолаушин- СҚО ІІД ӘПБ аға инспекторы:

– Бағдаршамға қосымша фаза қосылатын болады. Бұл жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болды. Жан-жақтан өте алады. Эксперимент түрінде бағдаршам режимі қосылды. Мониторнг жасаймыз. Егер жұмысы ұнаса осы қалпында қалады.

Бағдаршам жұмысы бүгінен бастап өзгертілді. Сондықтан тұрғындардың жаңа жүйеге назар аударғаны жөн. Өйткені енді жаяу жүргіншілерге жол қиылысын өтеуге 20 секунд уақыт беріледі. Оны петропавлдықтар сезініп те үлгерген.

– Көше істегені оңды болды. Халық көп. Енді тұрғындар алаңсыз жүре береді.


– Ыңғайлы болды. Өтуге жақсы болды.


– Бірінші бір көшені. Сосын екіншісін өтіп әлек болмайсың. Бірден қиып өтесің . Жақсы болды.


– Бұрындары осы қиылыстан өту қиын болатын. Бір жаққа бұрылу үшін бірнеше машина тұрады. Бағдваршам жаенғанда соның екеу үшеуі ғана өтеді. Ұзақ күту керек болатын. Енді міне ыңғайлы болып отыр.

Жалпы қалада осындай 4 бағдаршам орнатылған екен. Ал келер жылы осы жердегі бағдаршамды қайта қалыпқа келтіру көзделген. Күн райы суытып, көк тайғақ орын алғандықтан, жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында, тәртіп сақшылары темір тұлпар иелеріне қысқы дөңгелектерге ауысуға кеңес береді. Дөңгелегінде тікенегі барлары әйнектеріне міндетті түрде “Ш” әріпі бар белгіні жапсырулары керек дейді полицейлер.

 

Мағжан Ахмадина