МТРА жаңалықтары

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында жаңа 2 зал ашылды

Мына – “Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы” залы жуырда ғана ашылған. Мұнда ұлтымыздың танымал тарихи тұлғаларының бейнелері мен халқымыздың тұрмыс- тірішілігін баяндайтын көптеген құнды заттар қойылған.

Гүлжаухар Сәдуақасова – Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экскурсия жүргізушісі:

– Бұл зал “Қазақ мемлекеттігінің құрылуы мен қалыптасуына және қазақ этнографиясына” арналған. Бұл залға біздің музей қорынан құнды деген жәдігерлерді қойып отырмыз. Атап айтсақ, 17-18 ғасырдағы ер адамның бас киімі. Яғни, дулыға. Дулығада арабша жазулар бар. Оның аудармасы, Мұхаммед пайғамбар әрдайым сенімен бірге. Одан кейін әйел адамның аяқ киімі – кебіс. 1917 жылы жасалыпты. Сол кезде оның құны 1 түйеге тең болыпты.

Бүгін тарихи-өлкетану мұражайына Қызылжар ауданының бастауыш сынып оқушылары келіп отыр. Экскурсия барысында жеткіншектер дүниелердің әрқайсысын зер сала қарап, оның тариын сұрап білуге қызығушылық танытты.

Дамир Мусин – “Парасат” мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы, Қызылжар ауданы:


– Маған бұл мұражайда жаңа зал ұнады. Қазақстанның тарихын білдім. Мен мұнда хандар жайлы мәліметтер білдім. Маған барлығы да ұнады. Тағы да келу ойымда бар.

Ал, мына залда Солтүстік Қазақстан облысының дамуы жайлы мағлұматтар ұсынылған. Жалпы мұнда 200-ге тарта экспонат қойылыпты.

Тогжан Акмагамбетова