Аптадағы маңызды жаңалықтар

М.Жұмабаев ауданында “Нұр Отан” партиясы СҚОФ сарапшылар тобының көшпелі отырысы өтті

Осы мүмкіндіктер Мағжан Жұмабаев ауданында қаншалықты жасалған. Оны “Нұр Отан” партиясының өкілдері тексерді. Қазіргі таңда ауданда 1200-ден астам кембағал жан тұрады екен.

Ерлан Әубәкіров – М.Жұмабаев ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:


–  Ағымдағы жылы біз 26 мүгедек жанды жұмыспен қамтыдық. Оның 13-і жоспарлы түрде, тағы соншасы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында. Бұдан бөлек тағы 6 адам қоғамдық жұмысқа орналастырылды.

Қазір ауданның орталық ауруханасында 700-ге жуық мүмкіндігі шектеуі адам тіркеуде тұр. Жыл басынан олардың барлығына 1 млн 445 мың теңгенің көмегі көрсетіліпті.

Валерий Уваров – аудандық орталық аурухананың бас дәрігері:


–  Жыл басынан мүгедектердің 300-ден астамы күндізгі стационарда, ал тағы 117-сі үй жағдайында ем қабылдаған. Жалпы біздің мекемеде жарымжан жандарға барлық жағдай жасалған. 2 пандус орнатылды. 2 жеделсаты бар. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған екі дәретханада жұмыс жасап тұр.

Бұдан соң, жиынға қатысушылар аудан орталығындағы бірқатар нысандарды аралап, мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайды көрді.

Айту керек,қазір аталған ауданда 107 нысан бар. Бүгінде оның 47-сі мүмкіндігі шектеулі жандарға керекті заттармен толық қамтылған. Яғни, ғимараттарға кірер жолда пандустар орнатылып, арнайы көмекке шақыру тетігі де орнатылған.

Серік Ахметбеков – «Жұмыспен қамту және табыстар» бағыты бойынша өңірлік партиялық куратор

– Булаев қаласындағы бірқатар нысанды араладық. Кейбір ғимараттардағы пандустардың тым биік орналасқандығын байқадық. Табылған олқылықтар жақын арада жойылатын болады. Бұл бағытта әлі де жұмыс жасау керек.

Жалпы бүгінде Мағжан Жұмабаев ауданындағы 47 нысанында мүгедек жандарға мүлдем жағдай жасалмағаны белгілі болды.

Айгерим Ержанова