МТРА жаңалықтары

Кәмелет жасқа толмағандар тәртіп сақшыларының жіті назарында

Оның екеуі түнгі клубта жүрген. Бұл туралы ата-аналарына хабар беріліп, оларға әкімшілік хатама толтырылды. Еске салайық, түнгі сағат 10-нан таңғы 6-ға дейін көше немесе ойын-сауық орындарында жүргендерге айыппұл салынады.

Асан Смағұлов – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ бастығы:


– Тексеріс барысында қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 11 адам ұсталды. Басқалары масаң күйде көлік басқарған. Сондай-ақ, 21 жасқа толмағандарға алкоголдік ішімдік сату фактілері тіркелді.

Түнгі клубтардың бірінде 21 жасқа толмаған келушіге спирттік ішімдік сату оқиғасы анықталды. Барменге әкімшілік хатама толтырылды. Аталмыш заңбұзушылыққа барған жеке тұлғаларға 20 мың теңге, ал кәсіпкерлерге 250 мың теңге айыппұл салу қарастырылған.

Берік Қасен