МТРА жаңалықтары

СҚО тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету қызу жүргізілуде

Мереке Дәулетбаев – СҚО жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

 


–  Облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді. Оның ішінде жолаушыларды автобуспен және микроавтобустармен тасымалдау арналған лицензия беру де бар. Ағымдағы жылы біз рұқсат қағазының 5-уін бердік. Ал тағы соншасына мұндай құжат мүлдем берілмеген. Өйткені олар біліктілік талаптарына сай болмай шықты.

Биыл лицензияны қайта рәсімдеу үрдісі біршама жеңілдетілген. Бұрындары бұл құжат 10 күн ішінде әзірленсе, қазір небәрі 3 күнде дайын болады.
Сонымен қатар, бүгінде облыс орталығында пәтер кезегіне тұруға тіркеу жұмыстары құзу жүргізілуде. Аталған қызмет түріне 1300-ден астам петропавлдық өтініш беріпті.

Жоламан Бакишев – Петропавл қаласы автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы, ТҮКШ бөлімінің басшысы:

 


–  Жыл басынан «Есепке қою» мемлекеттік қызметіне 1312 тұрғын өтініш берген. Оның 1002-сі мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегіне тұрғызылған. Ал қалған 310 азаматқа рұқсат берілмеген. Басты себеп, олар құжатты уақытылы жинап, тапсырмаған. Негізінде бұл қызмет 30 күн ішінде көрсетіледі.

Жалпы бүгінде облыс орталығында пәтер кезегінде 12 мыңнан астам адам тұр.

Айгерім Ержанова