МТРА жаңалықтары

Қараша айы жылы болады

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:


– Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай, қыстың басы бірі ерте біреуі жай деген өлеңдегідей, күздің соңғы айы – қыстың хабаршысы. Синоптиктердің айтуынша қарашаның алғашқы онкүндігінде ауа райы қазіргі қалпын сақтап, сынап бағанасы 0-5 градус аралығын көрсетпек. Ал, кейін күн суыта түседі.

Қарашаның орта тұсында ауа температурасы күндіз 15 градусқа дейін төмендейді. Түнде, тіпті, 15-22, кей жерлерде 27 градусқа дейін салқындамақ. Айдың аяғында керісінше теріскей жері ептеп жылына түседі екен.

Аслан Қажырахимов, “Қазгидромет” РММ СҚО бойынша филиалы метеоболжам бөлімінің инженер-синоптигі:


– Үшінші онкүндікте ауа температурасы 7-12, кей жерлерде 2 аязға, күндіз 1-6 авяз, кей жерлерде 4 жылға дейін жоғарылайды. Одан кейінтүнде 12-17, кей жерлерде 7 аязға, күндіз 6-11 аязға дейін төмендейді.

Ай бойы күн қырық құбылып, бір жылынып, бір суиды. Қараша жауын-шашыннан да құр емес. Бұл айдағы жаңбыр мен қардың жаууы қалыпты мөлшер шамасында болады екен. Десе де салдарынан көктайғақ болуы ықтимал.

Аслан Қажырахимов, “Қазгидромет” РММ СҚО бойынша филиалы метеоболжам бөлімінің инженер-синоптигі:

 

– Бірінші онкүндікте, екінші және үшінші онкүндіктердің ортасында кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Екінші онкүдіктің соңында кей жерлерде бұрқасын болуы мүмкін.

Күздің үшінші айы әдетте қара суығы мен ызғарлы желін ала келетіні белгілі. Алайда, қой жылының қарашасы қатал мінез танытпайды деп болжап отыр мамандар.

Ақбөпе Тәңірберген