МТРА жаңалықтары

Петропавлдағы әскери-техникалық мектепте әскери даярлықтан өткен 60 жігіт ант қабылдады

Бірақ әрбіреуі мемлекет ұсынып отырған мүмкіндікті пайдаланып, өмірінде бір рет әскери ант қабылдауды міндетім деп түсінуде.

Осы күні 60 жігіт ант қабылдады. Олар 40 күн бойы Петропавлдағы әскери-техникалық мектепте тиісті даярлықтан өтіп, қатаң тәртіпте өмір сүрген.

Атажан Ертасов – қатардағы жауынгер, Қостанай облысы:


– Әсери-техникалық мектепте оядағыдай оқып шықаныма қуаныштымын. 40 кннің ішінде біраз нәрсені үйрендім. Болашақта осындағы мұғалімдердің өмірге қажетті үйреткенін қолданамын деп ойлаймын.

22 мен 27 жас аралығындағы жігіттердің орта, орта арнаулы және жоғары білімі бар. Еркебұлан Қойшыбаев әскери билеттен бұрын диплом алуды жөн санадым дейді. Ол 6 жыл бойы Алматы қаласындағы ЖОО-ның бірінде машина жасау мамандығын меңгерген. Ол да бүгін ант қабылдағанына қуанышты.

Еркебұлан Қойшыбаев – қатардағы жауынгер, Қостанай облысы:


– Әбрір ер азамат әскери ант қабылдау керек деп санаймын. Бізге тәлім берген әскери тәртіпке үйреткен мамандарға алғысымды айтамын.

Қостанай қаласында әскери-техникалық мектеп жоқ. Сондықтан, олар Қызылжар өңіріне келіп оқиды. Жалпы ел бойынша жас азаматтарды әскери даярлықтан өткізуге маманданған 16 әскери мектеп бар екен.

Игорь Четверов – Петропавлдағы әскери-техникалық мектебінің жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі инспекторы:


– Бұл жігіттер оқуларын аяқтап, емтихан тапсырды. Бүгін енді ант қабылдап жатыр. Бірер күннен кейін оларға әскери билет табысталады. Қатардағы жауынгерлердің әрбіреуі “Атқыш” маманы ретінде әскери есепке алынады.

Әскери билет қолдарына тиген соң жол ашық. Бұл жігіттер қалаған ісімен айналысып, келісім шарт негізінде кез келген күш құрылымдарында әскери қызметкер ретінде орналаса алады.

Берік Қасен