Құқық қорғау органдары

Петропавлда зейнеткердің бағалы заттарын тартып алған қарақшылар ұсталды

Зейнеткер олардың сұрағандарын беруден бас тартқаны сол екен, екеуі әйелді басынан бірнеше рет ұрып, сырттан бекітіп тастапты. Ұрылар үйден ақша мен зергерлік бұйымдарды және азық-түлік алып кеткен.

Жәбірленуші:

– Ұрылар үйге таңғы сағат 7 мен 8-дің аралығында кірді. Олар барлық зергерлік бұйымдарым мен 22 мың теңге ақшамды қолды қылды. Бағалы заттардың ішінде күйеуімнің сақинасы, сағаты және алқасы кетті.

Жәбірленушіні ұлы босатып алған. Тәртіп сақшылары бірден ұрылардың ізіне түсіп, бір тәуліктің ішінде 1976-шы және 86-шы жылғы туылған азаматтарды ұстайды.

 

– Деньги вам для чего нужны были?

– Наркоманы! Пил и кололся.


– Наркотики давно употребляете?

– 20 лет.

– Героин?

– Героин

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе олардың барлық мүліктері тәркіленіп, 5-тен 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.

Ернар Қожабек – Петропавл қалалық ІІБ екінші полиция бөлімінің тергеушісі:

– Күдіктілер қарақшылық шабуыл жасағандары үшін қылмыстық іс қозғалды. Олар қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Айта кеткен жөн, анықталғандай ұсталған екі жігіт те бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болған екен. Екеуі де наркологиялық диспансерде есепте тұр.

Байболат Құлтанов