МТРА жаңалықтары

Петропавлда қолданбалы қолөнер туындыларының көрмесі өтті

Бұл заттардың барлығы көздің жауын алады. Соның ішінде бірден көзге іліккендердің бірі – құлтемірлер. Бұл дүниелердің барлығын да қазақ-мектеп гимназиясының оқушылары жасапты.
Бағдат Зейнолланың айтуынша, осы жердегі құлтемірлердің әрбіреуі қандай да бір қызмет атқарады. Бірі зерттеуші робот болса, екіншісі күн сәулесі түскен бетте қозғалатын күнбағыс пен қызықты қимылдар жасайтын піл.

Бағдат Зейнолла – Қазақ-мектеп гимназиясының оқушысы 11-сынып оқушысы:


– Осы робот лего конструкторларынан жасалған.Ең басында жасау қиын болатын, программасын жасау.Біз осы бұйымымызбен қалалық түрлі жарыстарға қатысамыз. Сондай-ақ біз былтырғы жылы Қарағанды қаласында өткен халықаралық жарысқа қатыстық. Онда түрлі роботтар ұсынылды.

Көрмеге ұсынылған қолөнер туындылары 11 номинация бойынша бөлініп, бағаланады.
Шара барысында көрермендерге арналып концерттік бағдарлама да әзірленді.

Анастасия Мищенко – мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар-жасөспірімдер орталығының әдіскері:

– “Көктем” балалар мен жасөспірімдер клубында жыл сайын қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылады. Қуанарлық бір жәйт, жыл санап қатысушылардың қатары өсіп келеді. Мұнда ұсынылған заттардың барлығын да оқушылар мұғалімдердің көмегімен дайындаған. Барлық жұмыстар асқан шеберлікпен орындалыпты.

Көрме қорытындысына сәйкес түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.

Тогжан Акмагамбетова