МТРА жаңалықтары

Өңірдегі бастауыш ардагерлер ұйымы Елбасы Н.Назарбаевты көреген саясаткер ретінде таниды

Мысалы, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Фанис Литфуллин Елбасының Қазақстанның ғаламдық ядролық қарусыздандыруға қосқан үлесі туралы айтты. Келесі жылы Қазақстан БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіне мүшелік етпек. Азияда ешбір мемлекет мұндай мәртебеге ие болмапты. Бұл шетелдіктердің елімізді бейбітсүйгіш деп тануының белгісі дейді.

Фанис Литфуллин – Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі:


– 95 жылы мемлекетіміз ерікті түрде әлемдегі төртінші орында тұрған ядролық арсеналдан бас тартып, мемлекетіміз әлемдегі көлемі жағынан екінші орында тұрған Семей ядролық полигонын жапты. Бұл әлем үшін маңызды тарихи оқиға болды. Осыдан 21 жыл бұрын Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешімді қабылдау – болашақты ойлаған қадам.

“ЗИКСТО” АҚ бастауыш партия ұйымының мүшесі Виталий Бакутин естеліктерімен бөлісті. Ол 90-шы жылдары мемлекет басшысымен жүзбе-жүз кездесіпті.

Виталий Бакутин – “ЗИКСТО” АҚ бастауыш партия ұйымының мүшесі:

– 90-шы жылдары елдегі кәсіпорындардың бәрі тоқырап қалды. Жұмысшыларға төлейтін жалақы болмады. Біз амалдап цехта нан пісіріп еңбеккерлерге ақшаның орнына нан беретінбіз. Сонда Елбасымыз бәріміз тату болсақ, халықтың жағдайын түзеп алу қиын болмайды деген болатын. Сол сөзі әлі есімде. Биыл Ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Ширек ғасырға жуық уақыттың ішінде өңірімізде қаншама жаңа зауыттар мен фабрикалар ашылды. Бұл – әрине, егемендіктің жемісі.

Бүгінде “Нұр Отан” партиясы қалалық филиалының 56 бастауыш ұйымында барлығы 6,5 мың адам тіркелген.

Берік Қасен