Спорт

“Мен чемпион” ойынына қатысушы командалар арасында жеребе тасталды

Қазір балалар сайысқа қызу дайындық жүргізуде. Олардың арасында жеребе тасталып, бапкерлері арнайы қорапшаның ішінен реттік сандарын суырды. Нәтижесінде, Ойынның бірінші күні түске дейін Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасы Қостанайға қарсы, Қызылордалық команда ШҚО-на қарсы ойын өрнегін көрсетеді. Ал, түстен кейін БҚО-ның командасы Ақтөбелік құрамаға қарсы ойнаса, Ақмола мен Жамбылдық балалар өз араларындағы мықытыны анықтайтын болады. Ал, келесі 8 команда ойынның екінші күні алаңда өз жылдымдықтарын көрсетіп, кедергілерден сүрінбей өтіп жарысады. Осы ойынның екінші күнінде солтүстікқазақстандық “Стрела” командасы Павлодарлық балақайлармен сайыспақ.

Михаил Дедов, “Мен чемпион” республикалық ойынының бас төрешісі:


– 16 команда олимпиадалық желі бойынша жарысады. Яғни, әр ойын сайын жеңілген колманда сайыстан шығарылып отырады. Менен өзге тағы 4 төреші бар. Олардың екеуі – мәре, келесілері – сөре белгісінің жанында тұрып, ойынның әділдігін бақылайды. Ойын – іріктеу, ширек финал, жартылай финал, және ақтық кезеңнен тұрады. Осылайша соңына жеткен құрама үздік деп танылады. Сайыс телевизиялық. Сондықтан балалар камераға да жұмыс жасауы шарт. Бағдарлама өте қызықты.

 

Акбопе Танирберген