МТРА жаңалықтары

Петропавлда қарашаның бірінен 6 жалпы тәжірибе кабинеті жұмысын бастайды

Көріп тұрғандарыңыздай арасында балалар жоқ. Себебі, пункт әзірге бұрынғы кестеге сай жұмыс істеуде. Ал, ертеңнен бастап бұл маңдағы тұрғындарды жаңашылдықтар күтіп тұр. Енді мұндағы терапевт-педиатр екі сағат балаларды, екі сағат ересектерді қабылдайтын болады.

Олеся Полотиди, №1 қалалық емхананың жалпы тәжірибе дәрігері:


– Енді емшектегі балалардан үлкен қарияға дейін қарайтын боламын. Ата-аналар бүлдіршіндерін емхананың өзіне апаратын. Бүгінге дейін күніне бес сағат ересектерді ғана қабылдадым. Жаңашылдыққа сәйкес енді оларды қарауға 2 сағат уақыт бөлеміз. Уақыты кемітілгендіктен егде жастағы емделушілердің бұл өзгеріске көңілі толмауы мүмкін. Біз отбасылық дәрігер қызметін атқарамыз.

Олеся Полотиди медициналық жоғару оқу орнын жалпы тәжірибелік дәрігер мамандығы бойынша аяқтаған. Ертеңнен жаңартылған бағытта жұмысын жалғастырмақ. Биыл 1-ші қалалық емханаға 7 жас маман келген екен. Олардың барлығы да жалпы тәжірибе дәрігері мамандығы бойынша білім алған қыз-жігіттер. 3-ші қалалық емхананының жанынан 1-ші қараша күні 6 бірдей жалпы тәжірибелік кабинеті ашылады. Барлығы да қажетті құрылғылармен жабдықталған. Балалар мен ересектерге бірдей қызмет көрсететін мұндай отбасылық пункттер әзірге, қаланың шеткері аудандарынан ашылуда.

Светлана Кашенцева, №1 қалалық емхананың бас дәрігері:

 


– Екі учаске – Былғары зауыты аумағы мен Заречный кентінде, 4-еуі Черемушки шағын ауданында орналасқан. Барлығында да ертең терапевт және педиатр мамандығын бірдей алған жас дәрігерлер өз жұмыстарын бастайды. Бұл жаңашылдық “Денсаулық” бағдарламасының аясында жүзеге асырылып отыр.

Қазір 1-ші қалалық емханада 64 мың адам тіркеуде тұр. Енді, олардың барлығы да орталықтағы бас ғимаратқа келмей-ақ, отбасы мүшелерімен бірге өз аудандарындағы арнайы жалпы тәжірибе дәрігеріне қарала алады.

Акбопе Танирберген