МТРА жаңалықтары

Анатолий Спицын М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да дәріс оқыды

“Сол себепті де бұл өңір маған айрықша ыстық” дейді ол. Ресейлік ғалым ешқашан Қазақстандағы әріптестерімен, достарымен қарым қатынасын үзген емес.

Анатолий Спицын – ЕурАзЭО Интеграциялық мәселелерді стратегиялық зерттеу институтының директоры:

– Мен Қазақстанда 25 жыл еңбек еттім. Соның ішінде он тоғыз жылын Петропавлда өткізсем, алты жыл Арқалық қаласында жұмыс істедім. Қазіргі күні Ресейде қызмет етіп жатсам да, Қазақстандағы әріптестеріммен байланысымды үзген емеспін. Ғылым саласында да әріптестігіміз бар.

Анатолий Спицыннің тағылымы мол дәрісін тыңдауға аталмыш білім ордасының оқытушы-профессорлық құрамы мен магистранттары жиналыпты. Мәскеулік профессор «Дүниежүзілік экономикалық жаһандан­удағы Еуразиялық интеграция, Қазақстан Республикасы Президентінің стратегиялық жаңа бастамалары» деген тақырыпта дәріс оқыды.

Анатолий Спицын – ЕурАзЭО Интеграциялық мәселелерді стратегиялық зерттеу институтының директоры:

 

– Қазіргі кезде әлемде уақыт өткен сайын экономикалық жағдай өзгеруде. Президент Н.Назарбаевтың көрегендігінің арқасында Қазақстан халқы көптеген тығырықтан жол таба білді. Елбасының айқын мақсат жолындағы нақты қадамдарының нәтижесінде бүгінде Қазақстан еңсесін көтерген, әлемдегі барынша дамыған мемлекеттер қатарына қосылып келеді.

Жиын соңында ғалым білім ордасына бірнеше кітабын тарту етті. Экономика ғылымынан мол мағлұмат беретін бұл зерттеулер осы мамандықта оқып жатқан студенттер үшін құнды болмақ.

Тогжан Акмагамбетова