Спорт

Теріскейлік жас футболшылар республикалық “Жас қыран” сайысының күміс жүлдегері атанды

Жерлестеріміз осы бәсекеде күміс алқаға ие болды. Байқоңыр қаласында қазанның 25-і күні өткен жарыста барлығы 10 құрама бақ таластырды.

Рустам Бейжанов – “Қызылжар” БЖСМ жаттықтырушысы:


– “Жас қыран” жарысы бірінші рет ұйымдастырылған болатын. Бізге бұл сайыс ұнады. Құрамамызбен болашақта республикалық додаларға жиі баруға тырысамыз. Әлі де жаттығып, биік белестерді бағындырамыз.

Бұл құрамада қаламыздың үздік деп танылған жас споршылары жиналған. Команда сабында 16 жасар Олжас Ақжановта ойнайды. Жасөспірімнің футболмен шұғылданып жүргеніне 6 жылға жуық уақыт болыпты. Осы күнге дейін көптеген республикалық және облыстық жарыстардың жүлдегері атанған.

Олжас Ақжанов – “Қызылжар” БЖСМ ойыншысы:


– Бірінші ойын Қызылордамен болды.Оларды 2-1 есебімен жеңдік.Содан соң, Ақмола облысымен бақ сынастық. Өкінішке орай, олардан жеңілдік. Тағы екі ойынды ОҚО және Маңғыстау облысымен ойнап, ойсырата жеңдік. Ал, финалдық кездесуде ШҚО спортшыларымен шығып, тең ойнадық.

Айта кеткен жөн, республикалық дода қорытындысы бойынша алтын алқаны ШҚО, күмісті теріскейліктер, ал, қола медальді Маңғыстау облысының футболшылары иеленді.

Тогжан Акмагамбетова