МТРА жаңалықтары

Қазанның соңғы жексенбісі – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні

Бұл орайда табысы аздарға көмек беріп, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен жалғызілікті жандарға қызмет көрсету – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің басты міндеті. Бүгінгі күні облыста бұл салада екі мыңнан астам адам еңбектеніп жүр. Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен облыс әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады.

 

 

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:


– Қазіргі қоғамда әлеуметтік сала мамандарының алатын орны ерекше. Сіздерді төл мерекелерініңбен құттықтаймын.

30-дан артық әлеуметтік қызметкер облыс әкімінің қолынан тиесілі марапатын алды. Әлеуметтік қорғау жүйесіне қосқан үлесі үшін өңір жетекшісінің құрмет грамотасына 12 әлеуметтік қызметкер лайық деп табылды. Бірқатары алғыс хатқа ие болды. Мұндай марапатты алғандардың қатарында Рита Симанбаева да бар. Ол Еңбек әлеуметтік қорғау көші-қон комитетінің СҚО бойынша департаментінде жұмыс жасайды. Нәзікжанды өңірдегі барлық 28 мың 542 мүгедек жанды оңалтуға орай жүргізілетін жұмыстарды қадағалайды.

Рита Симанбаева, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің СҚО бойынша департаменті бөлімінің бас маманы:


– Менің басты мақсатыма – өңірдегі мүгедектерге қатысты статистика жұмыстарын жүргізу кіреді. Бүгін еңбегіміздің еленгеніне қуаныштымын.

Бұл күні азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру ісіне қосқан жеке үлесі және мінсіз адал еңбегі үшін берілетін «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төс белгісі 8 солтүстікқазақстандыққа бұйырды. Осындай ілтипатқа лайық деп табылғандардың тізімінде Гүлнар Шаймерденова да бар.

Ол – жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы. Айтуынша биыл 16 мың жерлесіміз жұмыспен қамтылыпты. Оның 6 мыңы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында екі қолға бір күрек тапқан.

Гүлнар Шаймерденова, СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:


– Бізде микрокредиттер беріледі, жарым-жандарды арнайы оқуға жібереміз, жұмыспен қамтыймыз. Әлеуметтік бағдарламар бойынша жұмыс жасаймыз.

Өз ісіне жоғары жаупкершілік танытқан 5 қызметкер ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілігінің құрмет грамотасын алды. Кейін, салтанатты жиын концертке ұласты. Бұл мерекелік шара өзгеше. Себебі, сахнада әлеуметтік сала қызметкерлерімен қатар қарттар үйінінің тұрғындары да өнер көрсетті

 

Акбопе Танирберген