Энергетика

Петропавлдықтар “Севказэнергосбыт” ЖШС 257 млн теңгеден аса ақша қарыз

Бұл жолы мамандар пайдаланған энергия үшін қарызы көбейіп кеткен бір абоненттің “Фольксваген” көлігін тәркіледі. Жылдап төлемеген оның берешегі 114 мың теңгеден асып кеткен. Мүлкі тәркіленіп алынғаннан кейін ғана борышкер жарыққа жиналған қарызын бірден жапқан.

Сағындық Ақжанов – жеке сот орындаушы:


– Сот орындаушыларының араласуымен “Севказэнергосбыт” серістестігінің 424 абоненті қарыздарын қайтарды. Рейд шараларының борышқорлармен күресте пайдасы көп.

Бүгінде Петропавлда “Севказэнергосбыт” кәсіпорнының қызметін 150 мыңнан аса тұтынушы пайдаланады. Осы күні 530 абоненттің берешегін қосқанда 40 млн теңгеге жеткен. Сондықтан монополистер оларға жарық беруді тоқтатыпты. Енді, тіпті электр қуатына қарызы көбейген тұрғындардың пәтерлері саудаға шығырылуы мүмкін.

Мағауия Сағандықов – “Севказэнергосбыт” ЖШС бас директорының міндетін атқарушы:


– Жуырда сот орындаушылары 500 мың теңге қарызы бар абоненттің пәтерін тәркіледі. Дегенмен ол уақытында ақша тауып берешегінен құтылды. Қазір, Петропавлда осындай 20 баспана иелерінен тәркіленіп алынып, саудаға қойылуы мүмкін. Сондықтан, біз тұрғындарға төлемақыларын уақытында жасауларын сұраймыз.

Бүгінде қызметтің өтемақысын жасайтын петропавлдықтардың “Севказэнергосбыт”-қа жалпы қарызы 257 млн теңгеден асып отыр.

 

Байболат Құлтанов