Ауыл шаруашылығы

Биыл қазақстандық аграриилер Киров зауытынан 100-ге жуық техника сатып алды

Мұнда қойылған К-744Р техникасының мөлшері үлкен. Сондықтан болар, оны қызықтап тұрған көрермендер де көп болды. Өзге мемлекеттен келген делегаттар тіпті алып техниканың ішкі құрылысын да байқады.

Николай Зеленский – «УРАЛ ЛТД» ЖШС сервистік қызметінің инженері, Қостанай қаласы:

– Қозғалтқышы 18 цилиндрлі, отын шығыны 17,4 литр. Трактордың 8 доңғалағы бар. Бұл көктемгі дала жұмыстарында -еңбек өнімділігін арттыруға септеседі. Әсіресе, ылғалды ауа райында егін егу кезінде жақсы.

Трактордың қуаты 350 аттың күшіне тең. Табаны да шынжырлы. Ал ішкі дизайны болса, ыңғайлы әрі заманауи жасалған. Мұнда панорамалы терезелер мен жаңа рөл колонкасы орнатылып, шу оқшаулағыш жақсартылыпты.

Путилов, Киров және еншілес Петербор трактор зауыттары 200 жыл ішінде бірнеше мәрте өзгеріске ұшыраған. Кәсіпорын өзінің алғашқы тракторын 1924-ші жылы шығарыпты. Ол – «Фордзон-Путиловтық» техникасы болды. Ал 62-ші жылдары аңызға айналған К-700 тракторы құрастырыпты. Содан бері зауыттан 467 мың машина шығарылыпты. Жалпы ағымдағы жылы қазақастандық аграриилер Киров зауытынан 100 техника сатып алған.

Валентин Романов – «УРАЛ ЛТД» ЖШС бас директоры, Қостанай қаласы:


–  Бүгінде зауыт К-744 маркалы заманауи тракторларын шығарады. Негізінде кәсіпорында аталмыш техниканың 8 түрі жасалады. Олардың қуаты 300-ден 428 аттың күшімен пара-пар. Машиналар Ярославльдық және Тутаевтық моторлы зауыт пен Мерседестің қозғалтқыштарымен жабдықталған. Қазақстанда біздің 6 диллеріміз бар. Солтүстікқазақстанда Бескөлдегі машина-тракторлы дүкен.

Көрмеде ауылшаруашылығы тауар өндірушілері белсенді түрде келісім шарт жасасуда. Мұнда қойылған техникаларға да қызығушылар саны көп. Олардың ішінде солтүстікқазақстандық диқаншы Еркебұлан Мәмбетов те бар.

Еркебұлан Мәмбетов – «Мамбетов и К» КС бас директоры, Мамлют ауданы:

 


–  Орақ науқанынан кейін болашақ жайлы ойлау керек. Мәселен, біз қазір ескі техниканы жаңасына алмастур жағын қарастырудамыз. Сол себепті, көрмеге қойылған машиналарға зер салып, бақылап жүрмін. Мынау, К-700 тракторының заманауи түрі. Басқаруы жеңіл. Ішінде механизаторға барлық жағдай жасалған.
Бағасы да тиімді екен.

Айту керек, бұл техниканы аграриилер 35 млн теңгеге, қолма-қол ақшаға сатып ала алады. Немесе “Казагрофинанс”, “Технолизинг”, “Росагролизин” арқылы рәсімдеуге болады.

Айгерим Ержанова