МТРА жаңалықтары

“Бала дауысы” байқауына СҚО-дан Есения Епифанцева қатысады

Қазір дарынды қыз Алматы қаласында байқаудың републикалық кезеңіне дайындық жүргізуде. Анасының айтуынша онда әр өңірдің үкілеген өзге де үміткерлерімен бірге ақтық кезеңге дайындалып, ән жазып жатыр екен.

Анастасия Епифанцева, Есения Епифанцеваның анасы:


– Біріші байқауға қатысқан 80 баланың ішінен 30-ы іріктелініп алынды. Одан кейінгі кезеңге тек он бала өтті. Оның ішінде менің қызым да бар. Осылайша бірінші орынды жеңіп алды. Есения үш тілде барлығы 15 ән орындады. Қазір Алматыда байқаудың ұйымдатырушылары жеңімпаз балаларға бір ай бойына тегін сабақ беріп, сайысқа дайындауда.

Ал, Есения музыкалық білім алып жатқан “Жас дарын” өнер мектебінде күнделікті сабақ өтіп жатыр. Жетекшісі Ульяна Поединок шәкірті үшін анасынан бетер қобалжып жүрмін дейді.

Ульяна Поединок, “Жас дарын” өнер мектебінің эстрада-вокал мұғалімі:


– Қыз өте дарынды. Көзінде от ойнап тұрады. Есения бұл сайыста да өзінің бар талантын паш етеді деп ойлаймын. Жеңімпаз Еліміздің үздік ЖОО-да музыкалық білім алады. Тегін бейнеклип түсіріп береді. Бұл үшін Есенияға барлық жерлестері қолдау танытса деймін.

“Бала дауысы” байқауының ақтық кезеңі қарашының 12-де Алматыда өтеді. Солтүстіктің намысын қорғайтын 13 жастағы Есения өзге өңірлерден келген 23 әнші баламен додаға түседі. Бұл күні жерлестері мен жақын-жуығы балаға смс арқылы дауыс бере алады. Ал, екінші күні өтетін Гала концертте Есения өзінің жетекшісі Айқын Төлепбергенмен бірге қазақ тілінде ән шырқайды.

Акбопе Танирберген