МТРА жаңалықтары

Астанада өткен «KazAgro/KazFarm-2016» халықаралық көрмесіне теріскейліктер де қатысты

Мұнда алпауыт компаниялардың машиналары жайғастырылған. Ішінде солтүстікқазақстандық кәсіпорындар да бар. Мына жерде «Казтехмаш» зауытының өкілдері «Сампо Азия» комбайндары жайлы айтып жатыр. Көрме болатындығын естіп, теріскейлік компанияның Финляндиядағы әріптестері де келген. Аймағымызда құрастырылған техника бизнесмендердің қызығушылығын тудыруда. Бірнеше сағаттың ішінде техникамен 20-ға жуық адам танысты.

Михаил Кулик – «SAMPO ROSENLEW» компаниясының сату және маркетинг жөніндегі директоры, Финляндия:


–  Біздің бірлескен жобамыз өз жемісін беруде. Жасалған комбайндарды көптеген өңірлерден келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері келіп қарап, ұнатып жатыр. Әрине, осындай көрмелер – зауыттар үшін жаңа клиент табудың жақсы мүмкіндігі. Сондықтан, жұмыс істеуге дайынбыз.

«Ростсельмаш» зауытына биыл 85 жыл толып отыр. Кәсіпорын 24 техника мен олардың 150 моделін жасайды. Көрмеге солардың тек 3-уі қойылған. «Нова» комбайны биыл ғана құрастырылыпты. Бұл – еліміздегі аталған көліктің жалғыз данасы. Ал сатылымға ол 2017 жылы шығарылмақ. Техниканың құны 30 млн теңге шамасында болады. Ресейлік компания өкілдерінің айтуынша, ол шағын және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарына арналған.

Данияр Ищанов- Өскемен қаласындағы “Ростсельмаш” компаниясының өкілі:

– Біздің зауыт техника жасайтын әлемдегі ірі компаниялардың қатарына кіреді. Ресей, Канада, Украина және Америкада өндіріс орындарымыз бар. Қазақстанда біздің кәсіпорнымыз Көкшетау қаласында орналасқан. Ол – «Вектор» зауыты. Онда жылына 200-ге жуық машина жасалады.

Аты әлемге әйгілі «Класс», «Есіл», «Джондир» комбайындары да осында. «Көрме» орталығы алаңында өткен шараға теріскейлік тағы бір компания қатысуда. Ол – «Авагро» серіктестігі. Кәсіпорын тіркеуіштер мен бүріккіштер әкеліпті. Зауыттың асығы алшысынан түсіп, олар көрмеге жеткізген барлық 3 техникасын өткізіп үлгерді.

Дмитрий Загребельный – «AVAGRO» ЖШС сату бөлімінің басшысы, СҚО:


–  Осындай көрмеге алғаш рет өздігінен қозғалатын бүріккіштер әкелдік. Оны 6 жыл бойы құрастырған болатынбыз. Түрлі сынақтардан өтті. Барлық бөлшектерін өзіміз жасаймыз.

Жалпы көрмеге 1000-нан астам адам қатысуда. Олар аталған шараның тиімді екенін айтуда.

Нұрлан Құралов «Амангелді» ЖШС директоры, ОҚО:


–  Жыл сайын осы көрмеге қатысып тұрамыз. Жаңалықтар, өзгерістердің барлығын осында білеміз. Техникаларға деген қызығушылығымыз өте мол. Жүзім, бақша дақылдарын егеміз. Сондықтан, маңызды.

Тағы бұл елордаға ангус, герефорд және қазақтың ақ бас сиырлары да жеткізілген. Көрмеге салмағы мың тоннадан асатын ірі қараның асыл тұқымдары қойылған. Астананың орталығында мұндайды күнде көре бермейсің. Сондықтан, оларды жиналғандар ерекше қызығушылықпен қарауда. Ал шаруалар үшін малға белгі салу жөнінен шеберлік сыныптары өткізілді. Тағы аукционда Зеңгі баба төлдерін сатып алуға мүмкінді берілді.

 

Магжан Ахмадина