МТРА жаңалықтары

Петропавлда Жүсіп Баласағұнның шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті

Сол себепті, жергілікті түрік мәдениетінің орталығы оқушылар мен студенттерді аталмыш шығармамен жақынырақ таныстыруда.

Идрис Картал – «Түрік мәдениеті» ҚБ төрағасы:


–  Біз үнемі түрлі фестивальдар ұйымдастырып тұрамыз. Ал соңғы 6-7 жылда ғылыми бағытты да қолға алдық. Жыл сайын бір белгілі тарихи тұлғаны оқытушылар және студенттермен бірлесе отырып оның шығармашылығын, еңбек жолын тереңірек зерттейміз.

Жиында, сондай-ақ Жүсіп Баласағұнның өмірге деген көзқарасы да сөз болды. Мәселен, филология ғылымдарының докторы Александр Некифоров жастарға ойшылдың діни дүниетамы туралы әңгімелеп берді.

Алесандр Некифоров – филология ғылымдарының докторы, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы:

 

– 741 жылы мұсылман әскерлері Самарқан мен Бұхара қалаларын басып алады. Осылайша, Оңтүстік Қазақстан мен Қашқарда ислам діні тарала бастады. Кейбір деректерде қашқарлықтар Тәңір текті халық болған делінген, ал тағы бір қайнар көздерінде олар манихей делініпті.

Айту керек, «Құтты білік» – дастаны халықты адамгершілік қасиеттер мен имандылыққа, ізгілік пен әділеттілікке тәрбиелейтін еңбек. Бұл тарихи туындының қай кезеңде де мәнін жоймай отырған себебі де осында.

Айгерим Ержанова