МТРА жаңалықтары

Облыстық әділет департаментінде заң жобалары талқылануда

Солардың бірі – «Зияткерлік меншік құқығын қорғау». Осы ретте аталған заң жобасын жетілдіру мақсатында бүгіндері өңірлердегі әділет департаменттері өз ұсыныстарын дайындап жатыр.

Дмитрий Колода – СҚО әділет департаменті басшысының орынбасары:

– Бұл кедергілерді азайтып, жұмысты жеңілдетуге септеседі. Кәсіпкерлер жайлы айтар болсақ, егер бұрындары құжаттарды рәсімдеу 5 кезеңмен жүргізілсе, заң жобасы қабылданған жағдайда олардың саны 3-ке дейін қысқармақ.

Аталған жаңашылдықтар АҚШ, Франция, Жапония, Германия және Швейцария сынды озық елдердің тәжірибесі негізінде енгізілмек. Жалпы 12 нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізілу көзделуде. Оның ішінде әкімшілік құқықбұзушылықтар заңнамасын, азаматтық және салық кодекстерін айтуға болады.

Марина Терехина – «Зияткерлік меншік ұлттық институты» РММ СҚОФ директоры:

 

– Өндірістік нысандарды тіркеуге мемлекеттік баж салығы алынып тасталмақ. Өйткені, бұл мәселелер жөніндегі барлық жобалар әділет министрлігінен біздің құзырымызға өтпек. Сөйтіп, бұл бағыттағы жұмыстар да біраз жеңілдейтін болады.

Әділет департаментінде талқылаған ұсыныстар кейін министрлікке жөнелтіледі.

Магжан Ахмадина