МТРА жаңалықтары

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры 130-шы маусымын ашты

Спектакльдегі ғашықтарды Жын қанша алдап-арбағанымен, сүйгендер бір-біріне қосылып бақытты ғұмыр кешетін болады. Басты кейіпкерлердің бірі – жесір әйел Солоха. Ол өз ұлының жыннан қорғап, сүйгеніне қосылуына көмектеседі.
Ана әрі сұлу әйелдің образын бейнелеген Татьяна Фомиченконың өнеріне көрермендер қошеметтерін аяған жоқ. Кәсіби актрисаның театр сахнасында жүргеніне биыл тұп-тура 20 жыл толғалы отыр.

Татьяна Фомиченко – Н.Погодин атындағы орыс драма театрының актрисасы:

– Бала кезімнен актриса болуды арман еттім. Бүгінгі қойылымда мен басты рөлдердің бірін сомдадым. Бір айдан артық тынымсыз еңбек жасадық. Біздің қойылымдардан ең бастысы, көрермендер жақсы әсер алатынына сенім мол.

Биыл өнер ұжымының құрамы жаңа әртістермен толыққан. Юрий Долгий бүгін сахнаға алғаш шығып отыр. Азамат бұған дейін Ресей театрларында 30 жылдан астам уақыт өнер көрсеткен. Петропавлға жақында көшіп келіпті. Бүгін ол Солохоға ғашықтың бірі «Пан Голова»-ны сомдауда.

Юрий Долгий – Н.Погодин атындағы орыс драма театрының актері:

 


– Бұған дейін түрлі қалаларда өнер көрсетіп, классикалық, заманауи жанрлардағы спектакльдерді сомдадым. Бұл кейіпкер өзіме жақын. Рөлді ойнап шығу кезнде қиналған жоқпын. Бастысы, біздің өнерімізді бағалайтын халық көп болсын.

Жаңа маусымда театрдың ұжымы кішкентай көрермендерін де назарсыз қалдырмайды. Балғындарға арналып түрлі бағдарламалар мен қойылымдар ұсынылмақ.

Айсулу Сергали