МТРА жаңалықтары

Биыл елімізде “Рухани келісім күні” 24-ші рет аталып өтілді

Әбілхан Жәпішев – қалалық “Нұр” мешітінің бас имамы:


– Тәуелсіздік алған жылдары елімізде 65 мешіт болса, қазір олардың саны 2 жарым мыңнан асады. Бұл біздің үлкен жетістігіміз.

Биыл елімізде “Рухани келісім күні” 24-ші рет аталып өтілді. Қазір бұл мереке үлкен маңызға ие. Өйткені, бүгінгі күні әрбір конфессия өкілі өзара сыйластық пен татулықтың арқасында бір-бірімен араласа алады.

Протоиерей Сергий – әулие Петр мен Павел апостолдар соборының жетекшісі:


–  Кеңес үкіметі кезінде жастарды мүлде храмдарға кіргізбейтін. Қазір жағдай мүлде басқа. Бұл біздің Тәуелсіздігіміздің, елдегі рухани келісімнің арқасы деп білемін. Сонымен қатар, қазір біз “Құрбан айт”, “Ораза айт”, “Пасха” сынды діни мерекелерді бірлесе атап өтеміз.

Жастар дін жолына түсем деп адасып, теріс ағымдардың жетегінде кетіп жатады. Індеттің алдын алу үшін еліміздегі дәстүрлі дін өкілдері көп жұмыс жасауы керек. Жиынға қатысушылардың пікірі де осыған сайды.

Байболат Құлтанов