МТРА жаңалықтары

29-қазан дүниежүзілік инсултьпен күрес күні

Бұл – инсульттің бегісі болуы мүмкін. Мамлют ауданының тұрғыны Андрей Дудниченко осыдан дәл 4 күн бұрын алыс жолдан келіп, отбасымен емен-жарқын шәй ішіп отырып, дәл осындай жағдайға ұшыраған. Ес-тұсынан айырылған ол жедел Облыстық аурухананың инсульт бөліміне жеткізілген. Бұған дейін 54 жастағы азаматтың денсаулығы мүлде сыр бермеген екен.

Андрей Дудниченко, емделуші:


– Оқиға 15-қазан күні болды. Жұбайым бірден аудандық ауруханаға апарған екен. Ол жақтан жедел-жәрдем көлігімен дереу облысқа жолдаған. Көзімді ашсам осында жатырмын. Қазір денсаулығым жақсы. Дәрігерлердің айтуынша, қан қысымым шамадан тыс көтеріліп, инсульт алған екенмін.

Қазір облыстық ауруханада инсульт алған 10 адам емделуде.
Аталған дертті емдеу орталығының тағы біреуі 3-ші қалалық ауруханада 2012 жылы ашылған болатын. Онда 2014 жылы миына қан келуі тоқтап, қан тамырлары жарылып кеткен 505 адам емделсе, өткен жылы мұндай 417 науқасқа қызмет көрсетіліпті. Ал биылғы жылдың 9 айында инсультпен ауруханаға түскен қалалықтардың саны былтырғы жылдың сәйкес мерізімен салыстырғанда 25 адамға азайған.

Людмила Кудашкина, 3-ші қалалық аурухананың инсульт орталығының меңгерушісі:


– Уақытында емделу керек. Егер адам ауруханаға кеш келсе, оның миын құтқара алмаймыз. Яғни, басының жартысы істен шығады. Соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы да ғажап емес. Қаламызда жылына 100-ден артық адам осы инсульттың кесірінен көз жұмады. Инсульт алған жандардың 80 пайызы мүгедек болып қалады. Сондықтан, бас айналып, қан қысымы көтеріліп, аяқ-қол тартылып қалса – бірден дәрігердің көмегіне жүгінген абзал.

Инсульт – артерияның бітелуі нәтижесінде бас миына қан келудің тоқтауы немесе қан тамыры қабырғаларының жарылған жерлері арқылы қан құйылудан нерв жасушаларының зақымдануы. Бұдан кейін адам денсауылығына айтарлықтай нұқсан келеді. Бұл аурудың алдын алу мақсатында – 29-қазанда дүние жүзі халықтары инсультпен күрес күнін атап өтеді.

Ирина Зламанец, Облыстың шататтан тыс бас неврологы:

 


– Солтүстік Қазақстан облысы бойынша биыл миға қан келуі бұзылған 934 адам емделген. Оның 85 пайызы ишемиялық инсульт алған. Бұл жүрек түтікшелерінің бітеліп қалуы. Ал, қалған 15 пайызының қан тамырлары жарылып кеткен. Инсульттен қайтыс болған адамдардың саны биылғы жылдың 7 айының ішінде былтырғымен салыстырғанда 39 пайызға төмендеді. Дәрігерлер тарапынан халыққа түсіндіру және дерттің алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Егер, адам жиі тексеріліп отырса бойындағы ауру алғашқы сатысында анықталып, толығымен емдеудің мүмкіндігі бар. Нәтижесінде, кенеттен инсульт алу жағдайы да едәуір азаяды. Сондықтан, тұрғындар артериялық қан қысымын жиі бақылап отырса дейді, ақ халатты абзал жандар.

Акбопе Танирберген