Құқық қорғау органдары

Солтүстікқазақстандық полицейлер өңірде “Жолда қабылдау” акциясын өткізді

Шәмшиден Ақышев – Петропавл қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:

–  Бұл акцияның өткізуіміздің басты мақсаты авто жүргізушілерге заңнамадағы өзгерістерді жеткізіп түсіндіру және жол бойында болып жатқан оқиғалар жайында да бізге айтып отырады.

Бұндай республикалық ақпараттық шара тоқсан сайын өтеді. Оны әдейі аудандық жолдарда ұйымдастырады. Өйткені, елді мекен тұрғындары өздеріне қажетті ақпараттарды алу үшін әрдайым облыс орталығына қатынай алмайды. Айта кету қажет, акцияға барысында қатысушылар жол-патрульдік полицияның қызметін жақсарту үшін арнайы сауалнамадан да өтті.

Әсет Матиков:


–  Өңірімізде енді жол жақсарып келе жатыр. Былтырғыдан өткен жылғыдан қарағанда жақсы. Мысалға мен мына Тимирязев ауданынанмын. Мына тұрған Сергеевка жақтың жолдарын жақсы істеген. Бұрындары жолға 3, 3 жарым сағат кететін болса қазір шамалы, екі, екі жарым сағатта жетеміз.

Барлық сауалнамалар ІІМ-ің әкімшілік полиция Комитетіне зерттеуге жіберіледі. Жалпы жыл басынан өңір жолдарында 184 жол апаты орын алды. Салдарынан 32 адам көз жұмып, 240 түрлі дене жарақаттарын алды.

 

Риат Шони