МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандық оқушы халықаралық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз атанды

Ол екі жыл бұрын экологиялық таза өнім алу бойынша зерттеу жұмысын бастаған. Жақында еңбегі бағаланып, Ресейдің Барнауыл қаласында өткен ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз атанды .

Нұрлан Жанғалиев – Ә.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы:


–  Менің жобамның мақсаты – қазіргі кезде баршаға мәлім пияз қабықшасы сияқты тағам қалдықтарынан өсімдіктердің дамуын жылдамдату үшін қолданылатын химиялық дәрмек жасау. Қазылар алқасына менің жобам қатты ұнап қалды. Осылайша, мен Алтай мемлекеттік политехникалық университетіне шақырту алдым.

Айту керек, Нұрлан Жанғалиевтің биология пәніне деген қызығушылығы 5-ші сыныпта ояныпты. Содан бері ол аталған пән бойынша түрлі олимпиадаларға қатысып келеді екен. Нәтижесі де бар.

Қуаныш Абдрашева – Ә.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының биология пәні мұғалімі:


–  Нұрлан үнемі сабаққа жақсы дайындықпен келеді. Кітап көп оқиды.

«Болашақтың ғалымы» аталатын байқауға әлемнің 6 мемлекетінен барлығы 180 бала қатысқан. Оның екеуі – қазақстандық оқушы. Соның бірі – Нұрлан Жанғалиев болса, екіншісі – Өскеменнен.

 

Айгерім Ержанова