МТРА жаңалықтары

Петропавлда «Тәуелсіздігіміздің бастауы» атты дөңгелек үстел өтті

Бүгінде Қазақстан үйренуші елден, үйретуші елге айналды. Барлық салаларда қарқынды алғабасушылық байқалады. Барлығымызға белгілі, ендігі жылы жазда Астанада “Экспо-2017” халықаралық көрмесі өтеді. Бұл шара республикамыздың 25 жылда жасаған жасампаз істерінің бір көрінісі болмақ.
Еліміздің кемел келешегі жастардың қолында екені белгілі. Осы ретте қалаған оқуына түсіп, таңдаған мамандығын меңгеремін деген студенттерге сапалы білім алуы үшін тиісті жағдайлар жасалған.

Сағадат Қалан – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:


–  Мен «Серпін 2050» бағдарламасы бойынша ОҚО теріскейге келдім. Келешекте оқып, өз білімімді жақсы жұмыс істеп осы өңірдің дамуына үлес қосқым келеді.


 

Риат Шони