МТРА жаңалықтары

Оқушылар коллекционер Виктор Никоновтың үйінде болды

Мына сағатқа шамамен 150 жыл. Осы және басқа да көне заттарды Виктор Никонов бала кезінен жинап келеді. Оның баспанасы мұражайға ұқсас. Екі бөлмелі пәтерінің іші көне заттарға толы. Әсіресе, Петропавл қаласына қатысты жәдігерлер көп. Бұл жерде Германия және Жапония елдерінен әкелінген сирек жәдігерлер: 3 шкаф пен 40-қа жуық шағын мүсін бар. Ең көнесіне – 100 жыл. Виктор Никоновқа бұл заттарды достары сыйлапты.

Виктор Никонов – коллекционер:

 


– 1890 жылы жасалған мына шкафты мен неміс отабасынан сатып алып, өзім қайтадан жөндеп қалпына келтірдім. Суырмалар жасадым. Оның ішіндегі мына ескі кілттердің кейбіреуін Есіл өзенінің жағалауынан таптым. Ал мына қабырғада ілулі тұрған ордендерді Польша, Румыния және Корея елдерінің әскери қызметкерлері кеудесіне тағынған. Бұл ордендерді маған достарым сыйлады.

19-шы ғасырда қолданыста болған қағаз ақшалар мен сөлкебайлардың сан алуан түрі бар. Көне жәдігерлердің арасында патефонды да көруге болады.

Өткеннен сыр шертетін бұйымдарды түрлі ұлттың өкілі қолдарымен ұстап қызықтауда. Виктор Никонов үйіне келген оқушыларға әр жәдігердің тарихын жеке-жеке айтып берді.

Лиза Гаан:

 


– Мен үшін бұл көрме қызықты болды. Бұрын-соңды көрмеген ескі бұйымдар бар екен. Осыншама көп заттарды бір үйдің ішінде сақтауға болатынын білмеппін.

Виктор Никонов жастардың бойында тарихқа деген қызығушылықты осындай әдіс арқылы арттыруға болады дейді. Жерлесіміздің үйінде барлығы мыңнан астам жәдігер сақтаулы.

Берік Қасен