Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Аптадағы маңызды жаңалықтар

14:56 25 Қазан 2016

Бірақ, жөнделген жолдың сапасы сын көтермейді. Аз уақыт өткесін жарылып, ойылып кетеді. Бұған ауыр жүк көліктері де себеп болып тұр дейді комиссия өкілдері. Покровка-Ильинка бағытындағы жол жуырда ғана жөнделіпті. Алайда қыруар қаржы жұмсалып, қалыпқа келген тас жол аз уақыт ішінде қайтадан бұрынғы қалпына келген.

Қайырлы Едіресов- СҚО қоғамдық кеңес отырысының төрағасы:


– Аталған жолға 120 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Бүгіндері бірақ ондағы жағдай мүшкіл. Биылдың өзінде жасалған жол бүлініп жатыр. Өйткені онда 30-40 тонналық жүк көліктері жүреді. Сондықтан сол жол арқылы қатынайтын ауыл тұрғындары бізге үнемі шағым түсіреді.

Бұл мәселені қоғамдық кеңес мүшелері өткен отырыста талқылаған. Ал осы жолы ол бойынша облыстық көлік бақылау инспекциясы мамандары мен құқық қорғау органдары жұмыс жүргізу керек болатын. Аталған жолда қанша жүк көлігі тоқтатылды? Қаншасына айыппұл салынды деген сауал жауапсыз қалды. Облыстық көлік бақылау инспекциясының басшысы Сұңғат Рахымжанов та, өңірдің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Айдын Байматов толық ақпаратты білмейтін болып шықты. Бірі ресурстың жетіспеушілігін алға тартса, енді бірі бізде ондай заңбұзушылықтар тіркелген жоқ деп отыр. Сөйтіп, аймақ бойынша барлық көрсеткіштерді тізбелеген олардың жұмысын қоғамдық кеңес мүшелері сынға алды. Өйткені, берілген тапсырма орындалған жоқ.

Қайырлы Едіресов- Облыстық қоғамдық кеңес отырысының төрағасы:


–  Ол жол арқылы 9 елді-мекен тұрғындары қатынайы. Қыруар қаражат кетті жолды жөндеуге. Оның қайтадан бұзылуына қалай жол беріп қоямыз. Сіздерге бір ай бойы жолды бақылап, жүк көліктерін анықтау тапсырылды. Ал сіздер ештеме істемеген болып шықтыңыздар. Проблеманы осылай қалдырмаймыз. Әрі қарай жұмыс жалғасады. Облыс әкіміне хат жазып, бұл мәселені шешетін боламыз.

Кейін жиында Айыртау және Шал ақын аудандарындағы туризм саласының дамуы сөз болды. Алғашқысында 2013 жылдан бері қыруар жұмыс жасалуда.

Ағзам Тастеміров- Айыртау ауданының әкімі:

– Осы 3 жылдың ішінде 3,5 млрд теңге қаржы жұмсалып, республикалық, облыстық маңыздағы жолдар жөнделуде. Тұлпар-Тальго пойызы ашылды. Ол Оңтүстіктен адамдардың келуіне жағдай жасап отыр. Екіншіден кәсіпкерлер бүгіндері жерлер алып өздері жасап жатыр. Қазір жолдар дұрысталды. Біздің ендігі мақсатымыз – ол туризм нысандарының ішіндегі жолдарды жөндеу.

Биылғы жылы Айыртау ауданында 5 жаңа туристік нысан қолданысқа берілсе, ендігі жылы тағы 7-уі тапсырылмақ. Жаз айларында Имантау мен Шалқар жағасында еліміз бен көршілес Ресейден 30 мыңнан астам адам дем алған. Ал шалақындықтар өздерінің көршілеріне қарағанда аса мақтана алмаса да, аудан әкімі туризмді дамытуға әлеует жетерлік деп отыр.

Ербол Сағдиев- Шал ақын ауданының әкімі:


–  Біз туризмді дамытутың қағидасын енді ғана жасадық. Оның көбі Сергеев су қоймасынмен байланыстырылған. Алайда біздер бүгіндері кедергілерге тап болып оытрмыз. Заң бойынша өзенге 500 метр жерге ғимараттар салуға болмайды. Бұл қаржы құйып, Есіл өзені жағасында туристік нысан саламын деген инвесторларға тиісміз болып отыр.

Ербол Сағдиев ауданда жазғы ғана емес, қысқы туризмді дамытуға да жағдайлар жасауға болатындығын айтты. Өйткені былтыр қыстың өзінде өзенге балық аулауға келгендердің қатары артқан. Сондықтан да алдағы уақытта туризмді дамытуға барынша жағдайлар жасалмақ. Бұдан өзге жиында тағы 8 сауал қарастырылды. Олар бойынша қоғамдық кеңес мүшелері ведомства басшыларына тиісті ұсыныстар жасады.

Мағжан Ахмадина