МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдірілу

Руслан Кактай – СҚО әділет департаментінің басшысы:


–  Былтыр өңірдегі мемлекеттік сот орындаушыларында алимент төлеуден жалтарып жүргендердің тізімінде 10 мың ата-ана болды. Қазір олардың саны жыл өткен сайын азайып келеді. Дегенмен, облыста 655 тұлға балалары алдындағы қарызды анда-санда ғана өтейді. Ал, 132-сі борышын мүлде қайтарғысы жоқ.

Брифингте жұмыскерлердің жалақыларын өндіріп алу бойынша да мәселе қозғалды. Жыл басынан бері облыстық әділет департаментінде осыған қатысты 99 құжат орындауда болған. Нәтижесінде еңбеккерлердің 85,6 млн теңге жалақысы қайтарылып берілген. Енді, тек күрмеуі шешілмеген 1 мәселе қалыпты.

Руслан Кактай – СҚО әділет департаментінің басшысы:


–  Жұмыскерлердің жалақыларын өндіріп алуға қатысты қызмет көрсетуді 99% пайызға орындадық. Тек, Ақжар ауданындағы элеватор қызметкерлеріне 7,4 млн теңге сомасында айлық берілмеген. Қазір бұл сома біртіндеп адамдарға қайтарылуда.

Сондай-ақ, жиында қалалық жер қатынастары бөлiмiнің басшысы Жомарт Еркін журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді. Бүгінгі таңда облыс орталығында баспана тұрғызуға жер алу үшін кезекте 8 мыңға жуық адам тұр. Азаматтарға учаскелер, әзірге, тек Солнечный кентінен ғана үлестірілуде.

Жомарт Еркін – Петропавл қаласы жер қатынастары бөлiмiнің басшысы:


–  2016 жылы жер комиссиясы 42 жиналыс өткізді. Нәтижесінде 3830 өтініш қаралып, 3 мың 23-і мақұлданды. Қазір үй салуға арналған жер телімдері тұрғындарға үлестіріліп жатыр. Бір ескеретін жайт, учаскелер азаматтарға берілмес бұрын ол жерге ең алдымен инженерлік-коммуникациялық желілер орнатылады.

Жалпы, үстіміздегі жылдың соңына дейін Солнечный кентінен жер телімі 500 адамға берілмек.

Байболат  Култанов