МТРА жаңалықтары

Елімізде НЗМ мектептері арасында ғылыми-өлкетанымдық экспедиция өтуде

Олардың басын “Туған жерге тағзым” атты ғылыми-өлкетанымдық экспедициясы қосып отыр. Жоба аясында еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінде білім алатын оқушылар әр өңірге саяхат жасайды. Балалардың жазып жүрген ғылыми жұмыстары бар. Экспедиция барысында оқушылар бұл еңбектеріне мол мәлімет жинақтайды.

Айнаш Рамазанова, Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-ұйымдастырушысы, Петропавл қаласы:

– 26 оқушы келді. Оларға аудандардағы тарихи кешендер таныстырылды. Енді қаладағы мұражайларды аралатамыз.

Сәнім Нұрлыбекқызы Семейдегі физика-математика бағытындағы НЗМ-нің 10-шы сыныбында оқиды. Зерек қыз “Қожаберген жырау” жайлы ғылыми жұмыс жазуда. Бұл ретте жыраудың туған жеріне келіп көп мағлұмат алыпты.

Сәнім Нұрлыбекқызы, Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенті, Семей қаласы:


– Абылайхан мұражайында көптеген мұрағаттармен таныстық. Өз тақырыбыма қажет материалдарды да таптым.

Мейман балалар “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешеніндегі 4 залды аса қызығушылықпен тамашалап жүр. Хан мөрінің көшірмесін, макетін көріп, ол жайлы терихи деректерді естіп білді. Көкшетаудан келген Ербол Тағай Солтүстік Қазақстандағы музейлермен танысып, тың деректерді кезіктіріп, ескерткіштердің түп нұсқасымен танысыпты.

Ербол Тағай, Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенті, Көкшетау қаласы:

– Мен өзім білмеген деректерді кезіктірдім. Шоқанның жақсы суретші екенін, Мағжанның медицинадан хабары барын білмеген едім.

Еліміздегі НЗМ-тері осы жоба аясында өзара тәжірибе алмасып, оқушылардың өзге өлкелерде саяхаттауына мүмкіндік туғызып отыр. Шара 22-29 қазан аралығын қамтиды. Петропавлдағы зияткерлік мектептің 15 оқушысы қазір дәл осы экспедиция құрамында Ұлы ақын Абайдың туған жері Семей өлкесімен танысуда.

Акбопе Танирберген