Спорт

Петропавлда шағын футбол турнирі бастау алды

Мұнымен динамошылар алысқа ұзай қойған жоқ. “Ишим”-нің ойыншаларды жауапты тез қайтырып, таразы басын теңестірді. Гол авторы – Болат Бекешев. Бұдан кейін көгілдір түсті формадағы аяқдоп шеберлерінің күштері таусылғандай болды. Өйткені, қалған уақытта тек динамолықтар басымдық көрсетті. Сонымен, қорытынды есеп 3-1. Ойын “Динамо” командасының пайдасына шешілді.

Евгений Кошкин – “Динамо” командасының ойыншысы:


– Жақында футболдан өткен қала біріншілігінде жеңімпаз атандық. Енді міне, шағын футболға да қатысып, үздік атануды көздеп отырмыз. Жалпы, “Ишим” командасы жақсы ойын өрнегін көрсетті.

Бүгінгі сайысқа теңбіл допты құмартқан 24 әуесқой команда қатысуда. Турнирдің шарты бойынша олар өзара бақ сынасып, араларындағы үздіктерін анықтайтын болады.

Олжас Төлеген – “Жас Отан” ЖҚ Петропавл қалалық бөлімінің жетекшісі:


–  Осыдан бір апта бұрын футболдан қала біріншілігі аяқталған болатын. Енді міне, шағын футболдан турнир ұйымдастырып отырмыз. Жалпы бұл турнир Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналып отыр.

Әуесқой командалар арасында шағын футболдан өтіп жатқан чемпионат қаңтар айына дейін жалғасады.

 

Айсулу Сергали