Спорт

Петропавлда кекушинкай каратэден біріншілік өтті

Максим Булатов – жарысқа қатысушы:


–  Мен каратэмен бір жылдан астам уақыт бойы айналысамын. Маған бұл спорт түрі ұнайды. Қарсыласым мықты болғанымен мен бар күшімді салып жеңіске жеттім.

Ал 10 жастағы Ерасыл Ерғалиев Көкшетау қаласынан келіп отыр. Ол 7 жасынан бастап каратэмен айналысады екен. Жасөспірім тартысты додада үздік болсам дейді.

Ерасыл Ерғалиев – жарысқа қатысушы, Көкшетау қаласы:


–  Бесінші мектепке барғанда, онда каратэ болды. Мен рұқсат сұрап каратэге бардым. Осылайша, каратэге 3 жыл барып жүрмін. Жарыста 1-ші, 2-ші, 3-ші орындардың бірін алсам деймін.

Жалпы бүгінгі жарыс 300-ге тарта каратэшінің басын қосты. Олардың арасында Петропавлдағы мектептерден бөлек Көкшетау қаласы, Қызылжар және Айыртау аудандарынан келген спортшылар да бар.

Владимир Витченко – “Бүкілқазақстандық кекушинкай-каратэ ұйымы” РҚБ СҚОФ директоры:


–  Тартысты додаға осыған дейінгі жарыстарда жеңіске жеткен каратэшілер қатысуда. Біз осындай сайыстар арқылы мықтыларды анықтай аламыз. Олармен болашақта жұмыс жасап, чемпионаттарға қатыстыратын боламыз.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер түрлі салмақ дәрежесі бойынша диплом және медальмен марапатталды. Ал екі аптадан кейін үздіктері Талдықорған қаласында өтетін Алматы облысының турниріне қатысады.

 

Айнұр Беисова