Аптадағы маңызды жаңалықтар

Астана қаласында Солтүстік Қазақстан облысы күндері гала-концертпен аяқталды

Гүлжауһар Сәдуақасова – СҚО тарихи-өлкетану мұражайың экскурсия жүргізушісі:


–  Көрмеге мұражай қорынан 17, 18, 19, 20-шы ғасырдағы жәдігерлер қойылған. Атап айтсақ қазақ этнографисы мен “Ботай тайпасы” жайлы біраз дүниелер кездеседі.

Сонымен қатар, көрмеде ағаш және темірден түйін түйген теріскейлік шеберлердің жұмыстарын байқауға болады. Бұйымдардың арасында ыдыс-аяқ пен ат әбзелдері де бар. Бұл жәдігерлер жайында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевқа СҚО әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров баяндап берді. Кейін шара “Мағжан елінен – елорда төріне” атты гала-концертпен жалғасты.

Бұл кешке жалпы саны 200-ге жуық солтүстікқазақстандық өнерпаз қатысты.

Тұрсын Молдахметова – СҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының бөлім басшысы:

– Бұл концертке біз 1 жыл бойы дайындалдық. Өнерпаздарға жаңадан костюмдер тігілді. Жаңадан әндер жазылды.

Сахнада өңірдің үздік ән және би ұжымдары өнер көрсетті. Әсіресе, астаналықтар Шәмші Қалдаяқовтың топтамасынан бірнеше ән шырқаған Мұхит Ахметов пен Самал Ташимованың өнеріне ду қол шапалақтарын аямады.

Тағы, кеште есту қабілеті нашар жастардан құралған “Sensitive” балдық би ансамблі де тамаша өнер көрсетті. Олар сахнада испан биін орындап, елордалықтарды өнерімен тәнті етті.

Кеш соңында өнерпаздарға облыс әкімі Ерік Сұлтанов пен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешовтың атынан ықылас гүлдері табыс етілді.

–  Концерт өте тамаша өтті. Жақсы демалдық.

– Солтүстікқазақстандық өнерпаздар кешке жақсылап дайындалыпты. Олардың киімдері, әндері мен билері өте жақсы болды.

Байболат Құлтанов – тілші:

– 1 жарым сағатқа жалғасқан “Мағжан елінен – едорда төріне” атты кешті астаналықтар ұзақ уақыт естерінде сақтайтыны анық. Өйткені, бұл концерт арқылы жерлестеріміз түрлі ұлт мекен еткен өңірдің бірлігі берік, ынтымағы жарасқандығын дәлелдеді. Жалпы, Астанада СҚО күндері 1 жұма бойы өтті. Осы уақыт ішінде теріскейдің 500-ге жуық талантты өнерпаздары 20-ға тарта іс-шара ұйымдастырды.

 

Байболат Құлтанов