МТРА жаңалықтары

Жүргізуші куәлігіне оқымай қол жеткізуге болады

Мұнда келіп тесттен ең жоғары ұпай алатындар көп. Бірақ, мына бұралаң жолмен жүріп, барлық жол ережесін тәжірибе түрінде көрсетуден сүрініп жататындар көп. 12 кедергіден 20 минутта ереже бұзбай өту керек. Әр қателікке айып балы саналады. Оның саны 100-ден асса үміткер бұл емтиханнан өткен жоқ деген сөз. Жүргізушіге 2 күн сайын мұндай үш мүмкіндік беріледі. Оның барлығынан мүдірсе тек 5 айдан кейін ғана қайта тапсыруға болады.

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:


– Көлікпен кедергілер арқылы өтіп, 90 градустық бұрылыстар жасау. Аталған тапсырмаларды тек көлік айдауды жақсы меңгерген адам ғана мүлтіксіз орындай алады. Бұл үшін жүргізушінің рөлді дұрыс бұрып, жылдамдықты қадағалап отыруы жеткілікті дейді, инструктор маман.

Биыл 210 адам жүргізуші куәлігін алу үшін тест тапсырған екен. Оның 30 пайызы сыннан өтпей қалған. Ал, өз бетімен дайындалып, автомектептің білімінсіз келіп емтихан тапсырған 98 адамның 58-і куәлік алып, автокөлік тізгіндеп жүр.

Сергей Гизберхт, Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы тіркеу-емтихан жұмысы бөлімінің бастығы:

– Биылғы жылдың 7-ші шілдесінде жүргізуші куәлігін беру мен автокөлікті рәсімдеу ережіне өзгерту енгзілді. Енді осы уақыттан бастап азамат жүргізуші куәлігіне оқымай-ақ қол жеткізе алады. Өз бетімен дайындалған адам бізге келіп бірінші тест тапсырады, кейін көлікте жүріп емтиханнан өтеді. Көрсеткіші ойдағыдай болса жүргізуші куәлігіне ие болады. Қазір жігіттерден қарағанда қыздар бұл жағынан озып тұр.

Еске сала кетейін, көлік жүргізіп үйреніп жүрген адамдар Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келіп сынақ емтиханын тапсыра алады. Бұл үшін мұнда 4 көлік қарастырылған.

Ақбөпе Тәңірберген