МТРА жаңалықтары

Жерлесімізі, ҚР құрметті журналисі Болат Қожахметов 70 жаста

Болат Қожахметов – ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР құрметті журналисі:


–  Әлі есімде. Алғашқы еңбегім қораның төбесінде жатып жазылған.

70 жыл ішінде Болат Қожахметұлы түрлі тақырыпта қалам тербеген. Оның ішінде табиғат, отбасы мен махаббат та бар.

–  Бүгінде Болат Қожахметовтың жарыққа шыққан екі кітабі бар. Мынау – соның алғашқысы, «Аспандағы арғымақтар» деп аталады. Бұл жинаққа ақынның 70-ке жуық өлеңі енгізілген.

Жақында автор өзінің тағы бір еңбегін жарыққа шығармақ ниетте. Кітап «Өзім және өзгелер жайлы» деп аталады. Оған тек эссе жанрындағы туындыларын кірістірмекші екен.
Тағы бір тоқтата кететін тұс, Болат Қожахметов көп жыл бойы ақпарат құралдарында қызмет еткен. Жуналистикаға өмірінің 48 жылын арнапты.

Болат Қожахметов – ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР құрметті журналисі:


–  Алғашқы еңбек жолым 1968 жылы «Ленин туы» газетінен басталды. Жасы небәрі 21-де еді.

«Ленин туы» газетінің редакциясы Болат аға үшін тек алғашқы жұмыс орны ғана емес өмірлік жары Мәруәр апаны кездестірген мекен болып есте қалмақ.

Мәруәр Қожахметова – Болат Қожахметовтың зайыбы:


–  Ленин туында мен машинист болдым. Сол жерде таныстық. 1972 жыл екеуіміз үйлендік.

Болат Қожахметов зайыбы екеуі 5 баланы тәрбиелеп өсірген. Бүгінде ұлы әке жолын қуып, журналистикада еңбектенуде.

Айгерім Ержанова