Спорт

Солтүстікқазақстандық каратэшілер “Еуразия Кубогі”-нен жеңіспен оралды

Мәселен, жақында каратэші қыз Ресейде өткен «Еуразия Кубогі» турнирінде алтын медальді қанжығасына байлады. Мұндай жетістікке жету үшін аптасына 3 реттен 1,5 сағат шынығады екен.

Екатерина Серяцкая – XV интернационалды «Еуразия Кубогі» ашық турнирінің жеңімпазы:


–  Бұл жолы мен татамиге 4 рет шықтым. Алғашқы кездесуім қиынқа соқты. Ресейлік қарсыласымның дайындығы жақсы болды. Дегенмен, мен оған төтеп бере алдым. Ал финалдық бәсекеде мен астаналық спортшымен айқастым. Ол да осал еместігін көрсетті. Бірақ, мен жеңіске жеттім. Жалпы қазір менің қоржынымда 8 медаль бар. Оның 7-уі – алтын.

Барнауылда өткен «Еуразия Кубогына» барлығы 720 каратэші қатысты. Байрақты дода Ресей мен Қазақстан және Иран елдерінің спортшыларының басын біріктірді. Ел намысын 24 солтүстікқазақстандық қорғаған. Нәтижесінде жерлестеріміз Қазақстан құрамасының қоржынына 2 алтын, 3 күміс пен 5 қола медальмен майлады.

Владимир Витченко – «Бүкiлқазақстандық Киокушинкай каратэ ұйымы» РҚБ СҚО филиалының директоры:


–  Биылғы «Еуразия Кубогында» қазақстандықтар тағы да жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Бұл – өте жоғары көрсеткіш. Қазір біздің спортшыларымыз өзге де халықаралық жарыстарға дайындық жүргізуде. Оның ішінде келер жылы Жапонияның Окинава қаласында өтетін әлем чемпионаты да бар.

Жалпы бүгінде өңірімізде каратэмен 1000-нан астам солтүстікқазақстандық айналысады екен.

 

Айгерім Ержанова