Спорт

Петропавлда жекпе-жектен жарыс өтті

Алғашқы раундта қос қарсылас тең түсті. Бірақ, екінші кездесу басталысымен көк бұрыштағы Ақниет Базарбаев көп созбай қарсыласын соққының астына алып, жерге құлатты. Сөйтіп, жеңісті қанжығасына байлады. 22 жастағы спортшы жекпе-жекпен 6 жылдан бері айналысып жүр. Түрлі облыстық жарыстардың жүлдегері.

Ақниет Базарбаев – жарысқа қатысушы, Қызылжар ауданы:


– Осы жарысқа дайындалып жатқаныма 1-ай болды. Жарыс өте тартысты өтуде. Қарсыластарым мықты. Қолымнан келгенді істеймін.

Бұл жарысқа өңірімізден 40 спортшы қатысуда. Олардың салмақтары 50 келіден 90-ға дейін. Аралас жекпе-жек өнері түрлеріне көптеген ұрыс техникалары кіреді. Сол себепті, аталмыш спорт түрінен өтетін сайыстарға жасы 18-ге толғандар ғана қатыстырылады.

Арман Тайбөпенов – жарыстың бас төрешісі:

 

– Облыс орталығының намысын Әскери институттың курсанттары мен ұлттық спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, “Намыс” және “Сұңқар” клубтарының шәкірттері қорғауда.

Айта кеткен жөн, жеңіске жеткен қатысушылар республикалық жарысқа жолдама алмақ. Дүбірлі дода қараша айында Алматы қаласында өтпек.

Тоғжан Ақмағамбетова