МТРА жаңалықтары

Петропавлда Республикалық пікір талас сайысы өтті

Назарбаев Зияткерлік мектебінің мына залына еліміздің ауыздыға сөз бермес, тілдері шешен жастарына лық толы. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған пікірталас сайысында 30 командаға бөлінген ұл-қыздар өзара сөз таластырмақ. Әдемі сөйлеп, мақалдата бергені емес, салмақты, нақты мысалдар келтіріп, ойын дұрыс жеткізе алғандары жеңіске жетеді.

Бақытжан Тұрсынов, Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі:


– Солтүстік Қазақстанда осы сөз өнерін дамытсақ деген тілекпен ұйымдастырып жатырмыз.
Қатысушыларды әділ бағалаймыз.

Кейін жеребе тасталып, әр команда жеке-жеке секцияларға бөлінді. Мына кабинетте ендігі қызу тартыс басталып та кеткен. Олар талқылайтын тақырып – «Қазіргі қоғамдағы қарулы қақтығыстардан қарағанда ақпараттық қақтығыстар қауіптірек. Мұны екі команда даттаса, келесілері жақтайды. НЗМ-нің «Эволюция» командасы – мұндағы ең кіші топ. Өзге құрамалардың барлығы студенттерден жасақталған. Қанша жыл дебат ойнап машықтанған жастар. Десе де, небары 7 сыныпта оқитын балақайлар олардан еш қорықпаймыз деп отыр.

Арлан Бексұлтанов, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы, Петропавл:


– Мен мұндай байқауға бірінші рет қатысып отырмын. Еш қобалжып тұрған жоқпын.

Ал, олардың қарсыластары Астаналық «Президенттер» тобының ойыншылары мұндай білім сайыстарында әбден машықтанып алған. Республикалық дәрежедегі байқапуларда топ жарып, үздік ойыншы атағын да алған. Момынхан Құдырет бұл жолы да тыянақты дайындықпен келген екен. Айтуынша, пікір талас тудыратын адам – жан жақты болуы тиіс. Қызыл тіліне емес, біліміне сенуі керек.

Момынхан Құдырет, Л.Гумелев атындағы ЕҰУ студенті, Астана:


– Шын жүйрік жеңімпаз болады деп ойлаймын. Жүлдеден дәмеліміз.

Пікір талас сайысы екі күнге жалғасады. Бүгін іріктелген командалар финалға жолдама алады. Қарслыстарын оза шауып, үздік үштіктен көрінгендеріне ақшалай сыйлыққа қолжеткізбек.

Ақбөпе Тәңірберген.