МТРА жаңалықтары

Астанада Солтүстік Қазақстан облысының күндері жалғасуда

Бұл істе оған ай, жел, күн сәулесі және үш апалы-сіңілі Айжан, Тоғжан, Күнсұлу мен Сабалақ атты досы көмекші. Қойылым желісі бойынша Айдар қасқыр патшасы Бөріханның апанына жол тартады.

Ертегі соңында бозбала Айдар Бөріханды ақыл-парасатымен жеңіп, домбыраның үнін босатады.
Жергілікті театр ұжымы өнерлерімен астаналық балғындардың көңілінен шыға білді.

Ал, мемлекеттік мұрағаттың ғимаратында астаналықтар үшін СҚ мұрағаты көрме ұйымдастырды. Көрерменге ұсынылған құжаттардың ішінде Абылайханның Қытай императорына жазған хаты секілді құнды жәдігерлер қойылған.

Әлия Мұстафина – ҚР мәдениет және спорт министрлігі департаментінің директоры:


– Бүгін біз тарихымыздан сыр шертетін, құнды құжаттармен танысуға мүмкіндік алдық. 18 ғасырдағы құжаттарға дейін сақталған. Өңірдің бай тарихы жайлы мағлұмат алып, оның даму жолын көрдік.

Мұрағат қызметкерлерінің айтуынша бұл құжаттар біздің тарихымыздың айнасы іспеттес. Көрмедегі әрбір жәдігер бағалы әрі тарихтан терең сыр шертеді.

Балқия Баймағанбетова – Астана қаласының мемлекеттік мұрағатының директоры:

 


– Мұндай кездесулер біз үшін тәжірибе алмасуда маңызы зор. Бұл алдағы жұмыстарға серпін береді. Бүгінгі көрмеге қала тұрғындары, зерттеуші ғалымдар қатысуда.

Экспозиция 7 бөлімнен тұрады. Көрмені астаналықтар аптаның соңына дейін тамашалай алады.