МТРА жаңалықтары

Айуандықпен адамды азаптап өлтірген Сергей Ханин мен Игорь Маламыжев 9 жыл 6 айға темір торға тоғытылды

Ащы су бітіп қалғаннан кейін олар дүкенге барып тағы алып келмек болады. Жолда кезіккен 42 жастағы Рафаиль Латфуллинді бірігіп көңіл көтеруге шақырады. Кейін ішімдік ішу барысында кенеттен үшеуінің арасында түсініспеушілік туындайды. Сол сәтте, Сергей Ханин мен Игорь Маламыжев Рафаиль Латфуллинді жабылып, соққыға жығады. Азамат алған дене жарақаттарынан көз жұмды.

Нурия Гайнанова – Рафаиль Латфуллиннің анасы:


–  Олар менің баламды аямай сабаған. Басынан да тепкілепті. Тіпті, бір құлағын кесіп алған. Бірақ, ол айғайлап көмекке шақырмады. Сол сәт түсініксіз болып тұр. Тірі адам қалайша жанына бірдеңе батса айғайламайды. Кейін әлгі жігіттер баламды қай жерге апарып, қалай жатқызып қойғандарын айтты. Ал тәртіп сақшылары сол күйінде оны тауып алды. Егер ол тірі болып, алған жарақаттарынан көз жұмған болса бір қимылдар еді ғой. Сол себепті, айуандарды қылмыстық кодекстің 106-шы бабы емес, 99-шы баба бойынша соттау керек.

Сотталушылардың орнында отырған Сергей Ханин 22 жаста. Жұмыс істемейді. Ал сол түні оның қасында болған Игорь Маламыжев 19 жаста. Екеуініңде толық емес орта білімі бар. Бұрындары сотталмаған. Енді бүгін айуандықпен адам өлтіруге барған жас жігіттерге қатысты сот соңғы нүктесін қоймақ.

Тахмина Собирова – Петропавл қалалық сотының судьясы:


–  Сот Ханин Сергей мен Игорь Маламыжевты ҚР қылмыстық кодексінің 106-шы бабының 3-ші бөлімі бойынша, яғни адам денсаулығына қасақана ауыр зақым келтіріп, оның өліміне себепші болғаны үшін кінәлі деп танылады. Және екеуі де жаза ретінде 9 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылады. Жазаларын жалпы режимдегі колонияда өтейді.

Сонымен қатар, қара жамылған Рафаиль Латфуллиннің анасы Нурия Гайнановаға сотталғандар моральдық шығын ретінде 2 млн теңге төлеуге міндеттелді. Айта кету қажет, марқұм болған ер азамат ажырасқан екен. Оның 22 жастағы қызы бар.

 

Риат Шони