МТРА жаңалықтары

СҚО-да жыл басынан 517 өрт оқиғасы орын алған

Тілсіз жау баспананың шатырын күл қылған. Қазір өрттің шығу себебі мен келтірген шығын анықталуда. Бұл – Петропавлда жыл басынан орын алған 183-і өрт оқиғасы. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мұндай оқыс оқиғаларды енді болдырмау үшін рейдтік шараларды жиі өткізіп, тұрғындарға жадынамалар таратып, өрт қауіпсіздігін сақтауды ескертуде.

Вячеслав Овчаренконың жер үйінде пеш жоқ. Оның баспансы орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған. Барлық электр құрылғыларын қосқанда әрдайым өрт қауіпсіздігін сақтанамын дейді ер азамат.

Вячеслав Овчаренко, қала тұрғыны:

– Мен әрқашан қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаймын. Үйден шығарда барлық теледидар, тоқ шәйнек, сандық құрылғыларды тоқтан ажыратамын. Жарықты өшіріп шығамын. Газ баллонды да байқап пайдаланамын.

Статистика көрсеткендей, өрттің шығу себептері бір. Жеке секторларда пештерді дұрыс пайдаланбағандықтан оттың тұтану жайттары көбіне сол жақта орын алады екен.

Тұрлыбек Ғабдуллин – Петропавл қаласы ТЖ басқармасының инженері:

– Мұның негізгі себебі жеке секторларда тұратын азаматтардың пеш жаққанда өрт қауіпсіздігін сақтанбауы. Пеш жаққанда ауызын ашық қалдырып кетіп жатады.

Ал облыс бойынша жыл басынан бері 517 өрт оқиғасы орын тіркелген. Салдарынан 17 адам қаза тауып, 30-ы түрлі жарақаттар алған. Келтірілген материалдық шығын 90 млн теңгеден асып отыр.

 

Риат Шони