Спорт

Солтүстікзақастандық тайбоксшылар Омбыдан жеңіспен оралды

Асылхан Әбілмәжінов:

– Омбы қаласындағы жарыста мен 3-ші орын алдым. Екі рет алаңға шықтым. Омбы қаласының спортшысын 2-ші раунда жеңдім. Ал екінші кездесуде сургуттық спортшыдан жеңіліс таптым.

Омбы қаласында өткен ашық чемпионатқа 8 жасар Кирил Мелёшин де барды. Ол – Солтүстік Қазақстаннан барған ең жас спортшы. Бірақ, соған қарамастан, бір кездесу өткізіп, қарсыласын ойсырата жеңді. Осылайша, бірінші орынға ие болды.

Кирилл Мелёшин:

– Қарсыласымды жеңу мен үшін қиынға соқпады. Бірақ, оны әлсіз деуге де болмайды. Дайындығым жақсы болған сияқты. Сондықтан, ресейлік спортшы менің соққыларымды жіберіп алды.

Дүбірлі додада өңір намысын барлығы 11 тайбоксшы қорғаған. Спортшылардың барлығы да жеңіспен оралды.

Иван Ван-Хон-Тун – тай боксынан облыстың аға жаттықтырушысы:

– Бұл сайыс 3-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Биыл біздің қоржынға 6 алтын, 2 күміс пен 3 қола жүлде түсті. Негізінен, қарсыластарымыз мықты болды. Әсіресе, Ресейдің Кемерово және Екатеринбург қаласынан келген тайбоксшылар өз шеберліктерін көрсетті. Дегенмен, біздің спортшылар да қалыс қалмады.

Қазір бұл залда келесі жарысқа қызу дайындық жүргізілуде. Дәл осы құрам енді
қараша айының 2-сі күні Ақтөбе қаласында өтетін республикалық турнирге жол тартпақ.

 

Айгерим Ержанова