МТРА жаңалықтары

Қызылжар ауданында жарымжан балаларға арналып күзгі бал өтті

Олардың арасында 12 жасар Бекжан Журабай да бар. Оны бүгінгі шараға Бәйтерек ауылынан әжесі алып келіпті. Жасөспірім туа бітті эпилепсия дертіне шалдыққан. Қазір Бекжан – 6-сыныптың оқушысы. Бірақ, өкінішке қарай мектепке бармайды. Мұғалімі үйде оқытады екен. Бүгін күзгі балға келген ол бойын жазып, өзге балалармен ойнап бір қуанып қалды.

Бекжан Журабай – бірінші топ мүгедегі:

– Осы баллға шақырды. Мен осында келіп отырмын. Мүгедектер күні болды. Соған орай маған планшет сыйлады. Мен қатты қуандым.

Қызылжар ауданының орталығында өткізіліп жатқан шараға 5 пен 17 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі 18 бала шақырту алған. Оларға арналып дастархан жайылды. Әрқайсысына тәтті базарлықтар мен сыйлықтар да үлестірілді.

Нұрлан Сұлтанғазиев – Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

– Бүгінгі біздің іс-шарамыз бірінші емес. Жыл бойы біз әр түрлі іс-шаралар өткіземіз. Қалалық театрларға, аквапарктарға апарып тұрамыз. Сондай-ақ, осы айлықтың ішінде жағдайы төмен 4 балаға планшет әкімнің атынан сыйланды.

Бүгінде Қызылжар ауданында мүмкіндігі шектеулі – 288 және 136 мүгедек бала бар.

 

Тогжан Акмагамбетова