МТРА жаңалықтары

Петропавлдағы “Солнечный” кентінде 2094 жер телімі үлестіріледі

Қуат Тәжібаев – Петропавл қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

– Жер телімдері кезек бойынша әрбір адамға тегін беріледі. Алғашқы үш жылға жалға беріледі. Үш жылдың ішінде азамат үйін салып болғаннан кейін жер оның жеке меншігіне өтеді. Ол үшін кезекте тұрған адамдардың алғашқы 2 мыңы осы жылдың аяғына дейін біздің сәулет және қала құрылысы бөліміне өтініш білдіруі керек.

Қала тұрғыны Аяужан Есниязова әкімдікке өзінің тиісті жер учаскесіне кезекте нешінші болып тұрғанын білуге келген. Оның үй салуға арналған аумақ алуға ниеттілердің қатарына қосылғанына 2 жыл болған.

Аяужан Есниязова – қала тұрғыны:

– Мен 2014 жылы жер алу үшін өтініш берген болатынмын. Сол өтінішім бойынша білуге келіп едім. Әлі кезегім келмеген екен. Осы жер бізге өте қажет еді. Өйткені, үй салу ойымызда бар.

Айта кеткен жөн, ағымдағы жылдың маусым айынан бері кезекте тұрған алғашқы 2 мың петропавлдықтың 300-нен астамынан ғана өтініш түсіп, оның 33-нің әрқайсысына 0,1 гектардан жер беріліпті.

 

Тогжан Акмагамбетова