МТРА жаңалықтары

Петропавлда ресейлік омарташылар бал көрмесін өткізуде

Көрмеге қаз-қатар қойылған балдың бағалары әр түрлі. Мәселен, ең арзаны “расторопша”-ның келісі 1800 теңге тұрады. Ал, мына жақтағы өнімдердің құны емдік қасиетіне байланысты жоғарылау келеді.
Жалпы, ресейлік “Эдельвейс-Экспо” ЖШС Петропавлда бал көрмесін осымен екінші рет ұйымдастырып отыр. Осы жолы көрші елдің омарташылары қаламызға әлемде сирек кездесетін “кандык” және “ақ акация” балдарын әкеліпті. Бұл өнімдердің адам денсаулығы үшін пайдасы өте зор.

Светлана Карандышева – “Эдельвейс-Экспо” ЖШС сатушысы, РФ:

– “Кандык” балы қан қысымы жоғары адамдарға пайдалы. Ал, “ақ акацияның” қант диабетімен ауыратын және көзі нашар көретін жандарға көмегі мол. Тағы, бұл табиғи өнім ұйқыны қалыпқа келтіреді.

Сауда алаңында “жөке балын” да кездестіруге болады. Бұл өнімнің де емдік қасиеті мол. Ол адамның иммунитетін артырып, тістің қызыл иегін микроптардан тазалайды.

Светлана Карандышева – “Эдельвейс-Экспо” ЖШС сатушысы, РФ:

– “Жөке балы”-ның келісін 3 мың 500 теңгеден сатудамыз. Бұл табиғи өнім жоғары сұранысқа ие. Әсіресе, оны адамдар суық тигенде және ауыз қуысын тазалау үшін сатып алады. Сонымен қатар, “жөке балын” шайға қосып ішсе, күшті қалыпқа келтіреді.

Ресейлік омарташылар ұйымдастырған бал көрмесі Петропавлда қазан айының 24-іне дейін жалғасады. Жергілікті тұрғындар табиғи таза өнімді Кеншібаев көшесі, 22 мекен жайы бойынша орналасқан “Жастар сарайы”-нан сатып ала алады.

 

Култанов Байболат