МТРА жаңалықтары

Тапа-тал түсте дүкен тонаған 35 жастағы қалалық 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Кейін сатушының алтын бұйымдарын, телефонын, тон мен кассадағы ақшаларды қолды қылып кетеді. Есін жиған дүкен қызметкері болған жағдайды полицияға баяндайды. Хабар түсісімен екінші бөлімнің жедел іздестіру тобы оқиға орнына бірден шығады.Полицейлер жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында қылмыс жасады деген күдікпен 35 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны құрықталды.

Елизавета Ставская – Петропавл қаласы ІІБ 2-ші полиция бөлімінің тергеушісі:

– Ұсталған азаматтың бұған дейін ұрлық үшін басы істі болған. Ешқайда жұмыс істемейді. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Ұрының “Микс” дүкенінен қолды қылған заттардың жиынтық құны 300 мың теңгеден асады. Тәртіп сақшылары пысықайдан барлығын тәркілеп алды. Күдіктінің айыбы дәлелденсе ол 10 жылға дейін темір торға тоғытылуы мүмкін.

 

Риат Шони