МТРА жаңалықтары

Күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда

Нариман Жұлдызбеков – әскерге шақырылушы:

– Қазақстанның кең-байтақ жерін, ғасырлар бойы қалыптасқан еліміздің ауызбіршілігін, жеріміздің тұтастығын қорғау ҚР азаматының борышы деп санаймын.

Плацқа әскерге аттанғалы тұрған жас жігіттерді шығарып салуға туған туыстары мен жора-жолдастары көптеп жиылды. Бүгін Ақмарал Қалиеваның тұңғышы Отан алдындағы борышын өтеуге кеткелі тұр. Ақ жаулықты ана бауыр еті баласының азаматтық парызын абыроймен өтеп келуін тілеуде.

Ақмарал Қалиева – ата-ана:

– Ұлым әскер қатарына аттанғалы жатыр. Шақырылушылар аман-есен туған жеріне оралуларын тілеймін.

Облысымызда биыл күзгі әскер қатарына шақыру науқанында Қарулы Күштер сапына барлығы 700-ге жуық жас азамат қосылмақ. 25 бозбаладан жасақталған мына алғашқы топ міндеттерін Алматы қаласында Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің 2177 бөлімінде өтемек.

Мақсат Мұқанов – СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары:

– Тапсырма бойынша биылғы күзгі науқанда біздер 700-ден астам сарбазды әскер қатарына жіберу керекпіз. Жалпы бүгін Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде жас сарбаздарды салтанатты түрде әскер қатарына шығарып салу рәсімін өткізіп отырмыз.

Жалпы күзгі әскер қатарына шақыру науқаны ҚР Қорғаныс министрі бекіткен жоспарға сәйкес желтоқсанның отызына дейін жалғаспақ.

 

Айсулу Сергали