Қылмыс

СҚО-да 18 кг 200 грамм гашишпен Петропавл қаласының тұрғыны құрықталды

-Что в данных полиэтиленовых пакетах? Я не открывал их? Ну что здесь? Гашиш наверное, что еще. Открывайте, смотрите.

Құқықбұзушы қаладағы Чайкино көшесіндегі үйде тұрады екен. Анықталғандай ұсталған азамат бұрындары сотталмаған. Ол брикеттердің қайдан алғандығын нақтылап түсіндіре алмады. Түрлі сылтаулар айтыпты. Ал тәркіленген заттар бірден соттық-химиялық-сараптамаға жөнелтілді.

Айдар Хабибуллин – СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары:

– Тінту барысында ұсталған азаматтың гаражынан, автокөлігінің жүк салғышынан гашиш салынған 4 брикет тәркіленді. Сараптама нәтижесі бұл заттардың жалпы салмағы 18 келі 200 грамм екендігін көрсетті. Енді есірткі затын аса ірі көлемде заңсыз саудалау бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл операцияны өткізу барысында иісшіл иттердің де үлесі қомақты болған. Төрт аяқтылар есірткі заттарын жедел тауыпты. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Құрықталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Егерде күдіктінің айыбы дәлелденсе онда ол 10-нан 15 жылға дейін темір торға тоғытылады. Жалпы жыл басынан өңірде есіріткі затын саудалау бойынша 280-нен астам факті тіркеліп, заңсыз айналымнан 370 келіге жуық есірткі заты тәркіленген. Оның 1 келіден астамы «героин».

 

Риат Шони