Құқық қорғау органдары

Петропавлда полицейлерге көлікпен жолда жүру ережесі бойынша шеберлік сабағы өткізілді

Юрий Гаврищук – жарыстың бас төрешісі:

– Әр полицей мәреге 1 жарым минутта жолда тұрған белгілерді құлатпай жетуі керек. Егер ереже бұзылса қатысушылардың ұпайлары шегеріледі. Әрине, тапсырманы мұндай аз уақыт ішінде орындау оңай емес. Дегенмен құқық қорғаушылар сайыста өздерінің бар шеберліктерін көрсетеді деп ойлаймын.

Сонымен сайыс басталды. Темір тұлпар тізгіндегін алғашқы полицей қателікке мүлде бой алдырған жоқ. Ол белгілердің бірде біреуін бұзбай 2 минут 43 секунд дегенде мәре сызығына жетті. Келесі қатысушылар да өздерінің жолда жүру шеберліктерін көрсетіп, тапсырмаларды ойдағыдай орындады. Жалпы, “СТК “Динамо-Лидер” спорттық-техникалық клубы тәртіп сақшыларына арнап 6 бірдей тапсырма әзірлепті.

Ерлан Мадиев – СҚО ІІД Жол-патрульдік полиция батальоның командирі:

– Біздер үшін мұндай дәріс сабақтарының маңызы зор. Осындай сайыс арқылы полицейлер көлікті емін-еркін басқаруды меңгереді. Көктемде дәл осындай жарыс өткізіп, құқық қорғаушылардың шеберліктерін арттырдық.

Жалпы, автокөлікпен жолда жүру ережелерінен өткізілген шеберлік сабағына 20-ға жуық полицей қатысты.

 

Култанов Байболат